Skip to content

ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай Жамбыл облысы Меркі ауданында Құран жарысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойы аясында Жамбыл облысы, Меркі ауданында 3 пара және 2 пара бойынша облыстық Құран жарысы ұйымдастырылды. Игі шара «Күлия ана» мешітінің ұрпақтарының демеушілігімен өтіп, жас қарилардың Құранға деген сүйіспеншілігін арттыруды мақсат етті.

Жарысқа ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы, «Һибатулла Тарази» қайырымдылық мекемесінің директоры, қари Бірлік Аманкелді және имам Дастан Қасымалиев қазылық етті. Қазылар алқасы қатысушылардың тәжуид сақтауы, мәнерлі оқу шеберлігі және дауыс тазалығын ескеріп, әділ бағалады. Сайысқа өңірге қарасты барлық аудандардан жас қарилар қатысты.

Жарыс нәтижелері төмендегідей:

3 пара бойынша:

  • I орын — Пирназаров Бауыржан
  • II орын — Рүстемұлы Бейбіт
  • III орын — Арқалық Таурат
  • IV орын — Қалаш Ерман
  • V орын — Қалықов Ердан

2 пара бойынша:

  • I орын — Еркінбек Мухаммад
  • II орын — Кенжебай Нұрасыл
  • III орын — Көшербай Жасұлан
  • IV орын — Манат Ибраһим

Жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға қаржылай сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *