Skip to content

Маңғыстау имамдары жылдық есеп берді

Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкілдігіне қарасты қала, аудан және ауыл мешіттерінің имамдары 2025 жылы атқарылған жұмыстар бойынша қорытынды есеп берді.

Басқосу барысында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жариялаған «Ислам және отбасы құндылығы» жылына байланысты облыс мешіттерінде жүзеге асқан іс-шаралар мен басты бағыттар таныстырылды. Діни басқарма бекіткен төрт негізгі бағыт аясында өңір мешіттерінде атқарылған ағартушылық, насихат, діни оңалту және медиа жұмыстардың нәтижелері жан-жақты баяндалды.

Өңірдің бас имамы Әнуар қажы Ізімбайұлы қала, аудан және ауыл имамдарының жылдық есебін тыңдап, орындалған жұмыстарды қорытындылады. Сонымен қатар, діни басқарма мен өкілдік жоспарын тиянақты орындап, дін қызметінде белсенділік танытқан бірқатар имамдар арнайы марапаттарға ие болды.

Имамдарды ынталандыру мақсатында үздік көрсеткіш көрсеткен дін қызметкерлеріне ҚМДБ-ның алғыс хаттары мен қаржылай сыйақылар табысталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *