Skip to content

Наиб мүфти Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды.

Сапар барысында наиб мүфти Ермек Мұқатай Түркістан облысы әкімінің орынбасары Елтай Алтаев және өңірлік басқарма басшыларымен кездесіп, өңірдегі діни-рухани ахуал мен атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйін талқылады. Әсіресе «Қылует» мәдени-тарихи орталығының жұмыс барысы, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы тарапынан салынып жатқан жаңа мешітті халық игілігіне беру мәселелері қарастырылды. 

Жұмыс сапары аясында наиб мүфти жұма намазында уағыз айтып, жамағатқа насихат жеткізді. Сонымен қатар Түркістан өңіріндегі бірқатар тарихи-рухани орындарды аралап, олардың қызметімен танысты.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *