Skip to content

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қоры» қолдау бір қатар азаматтарға көрсетті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымның тапсырмасына сәйкес 14 жыл бойы ерекше күтімді қажет ететін, ДЦП диагнозы бар балаларға қажырлы еңбегін арнап келе жатқан ЛФК жаттықтырушы Мұхтар-Әли бауырымызға кіші қажылық (умра) сапарына жолдама табысталды.

Қасиетті сапар сертификатын ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы арнайы тапсырды. Ол қызметіне адалдық танытып жүрген азаматқа ізгі тілегін білдіріп, сапардың сауапты болуын тіледі.

3 желтоқсан – Халықаралық мүгедектер күні аясында пара жеңіл атлетикадан ҚР чемпионаты мен пара спартакиада жүлдегері Дархан бауырымызға 250 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Бұл игі іс – ҚМДБ-ның әлеуметтік әлсіз топтарды қолдауға бағытталған тұрақты қызметінің бір бөлігі.

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры алдағы уақытта да мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға жан-жақты көмек көрсетуді жалғастырады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *