
ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Әскерұлы Асқар қажы мешітінде Тауаф қажылық фирмасының көшпелі отырысы өтті.
Басқосуға шаһар бас имамы орынбасары Ахметжан Керімбек, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев, Бекайдар Әміре, Мұхамеджан Естеміров және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Аталмыш семинар аясында аудандық Тауаф Қажылық фирмасының жетекшісі Асқарғали Сатыбалдиев қажылық фирмасының жұмысының мақсаты мен міндеттері жөнінде айтып өтті.
Жиын барысында қажылық ғибадатына қатысты сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі