
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары аясында өңірдегі дін қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Наурызбай қажы Тағанұлы діни-ағарту ісінің сапасын арттыру, мешіттердің әлеуметтік және рухани-тәрбиелік бағыттағы рөлін күшейту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттау керек екенін жеткізді.
Шара соңында ҚМДБ-ның 35 жылдық мерейтойына орай дін саласында ұзақ жылдар бойы адал еңбек етіп келген Солтүстік Қазақстан облысының бірнеше ардагер имамдары мерекелік медальдармен марапатталды.
1. Исаев Қасымхан Абдуллаұлы «Қызылжар» қалалық мешітінің Бас имамы
2. Алыпкашев Аян Болатұлы Облыстық Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы
3. Шимпаев Жеңіс Оралұлы М.Жұмабаев аудандық «Береке» мешітінің наиб имамы
4. Құрмаш Абылай «Мухсин» мешітінің Бас имамы
5. Мирзаев Имаммұхаммед «Мухсин» мешітінің наиб имамы
6. Сарсенов Азамат Амандықұлы Қызылжар орталық мешітінің азаншысы
7. Мусин Рафик Дінмұхаммед мешітінің имамы
8. Наржигитов Зиятбек Тайынша аудандық мешітінің бас имамы
9. Әміржанов Мұрат СҚО Облыстық орталық мешіт іс-басқарушысы