Skip to content

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ «ДІН МЕН ДӘСТҮР» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ІРГЕТАСЫН ҚАЛАДЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылында бой көтеретін «Дін мен дәстүр» орталығының іргетасына капсула орнатты.

Жаңа орталық 200 адамға арналған және халқымыздың рухани-мәдени мұраларын дәріптеу, дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау мақсатында құрылуда. Орталықта ұлттық салт-дәстүрлерді көрсетуге арналған көрме залдары, дәрісханалар, мәдени шаралар өткізуге арналған кеңістіктер, сондай-ақ балалар мен жастарға арналған оқу бағдарламалары қарастырылған.

Құрылыс бастау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Іргетасқа капсула салу арқылы орталықтың ел игілігіне қызмет ететіні және болашақ ұрпақ үшін рухани маңызды орын болатыны атап өтілді.

Бұл орталық Солтүстік Қазақстан облысында дін мен дәстүрді бірлестіре насихаттайтын маңызды мәдени-рухани нысанға айналуы жоспарланып отыр.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *