Skip to content

Атырауда жат ағымдардан сақтану мәселесі талқыланды

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы Атырау облысының имамдарымен кездесті.

Кездесу барысында жат діни ағымдардан сақтандыру жұмыстарын жетілдіру, ұлттық құндылықтар мен тарихи танымды терең меңгерудің маңыздылығы, сондай-ақ имамдардың діни сауаттылығын арттыру мәселелері талқыланды. Наиб мүфти бұл бағыттағы жүйелі жұмыстың қоғам тұрақтылығы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті.

Жиында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтидің кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы жат ағымдармен жұмыс жүргізудің негізгі бағыттарына тоқталды. Ал ҚМДБ Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Данияр Кенжалин экстремистік идеяларға бейімделудің психологиялық факторлары жөнінде дәріс оқыды.