Skip to content

Түркістан: «Отбасы – аманат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысы Жетісай ауданындағы «Нұғман» мешітінде «Дін және отбасы» бөлімінің жоспарына сәйкес жастар арасында ажырасудың алдын алу мақсатында «Отбасы – аманат» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға аудандық «Әкелер мектебінің» жетекшісі О.Рысыметов, ҚР Журналистер одағының мүшесі, белгілі қаламгер Ж.Ғаппаров, аудандық «Әжелер алқасының» төрайымы, ұлағатты ұстаз Р.Мауленова, сондай-ақ қажы апалар мен жастар қатысты.

Жиынды Жетісай ауданының Бас имамы Бағдат Шаймерден ашып, «Аталар мектебі – ұрпақ сабақтастығының алтын көпірі», «Әжелер мектебі – ұлттық тәрбие ұясы» тақырыптарында баяндама жасады. Ол өз сөзінде аталар мен әжелер мектебінің жас ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы зор екенін атап өтті.