
ҚМДБ-ның жылдық жоспарына сәйкес «Qamqor-sharapat» орталығының қызметін өңірде жандандыру бағытында қала имамдарына арнайы семинар ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – діни жоралғыларды орындауда бірізділікті қалыптастыру, рәсімдерді шариғат талаптарына сай атқару және халықтың діни сауатын арттыру.
Семинарды Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли ресми ашып, аталмыш бағыттың өзектілігіне тоқталды. Сонымен қатар ол марқұмның жаназасы мен жерлеу рәсімдерін, 40 күндік және 100 күндік садақаларды, құдайы ас беруді шариғат пен дәстүр сабақтастығына сай, ысырапшылдыққа жол бермей, қарапайым түрде өткізу қажеттігін атап өтті.
Жиында имамдарға діни рәсімдерді ұйымдастыру тәртібі, жамағатпен жұмыс жүргізу әдебі, сондай-ақ «Qamqor-sharapat» орталығымен бірлесе қызмет атқарудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.