Skip to content

БАС МҮФТИ НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ ӘДІЛ ҚҰРМАНЖАНҰЛЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Әділ Құрманжанұлы Ахметовпен кездесіп, діни-ағарту жұмыстарының сапасын арттыру, мешіттердің әлеуметтік және рухани-тәрбиелік бағыттағы рөлін күшейту, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды насихаттау мәселелерін талқылады.

Кездесу барысында тараптар дәстүрлі ислам бағытындағы жұмыстардың қызметін жетілдіру, қоғамдағы рухани-мәдени ахуалды нығайту және діни-рухани білім беру бағытындағы бірлескен іс-шараларды іске асыру мәселелеріне назар аударды.

Кездесу соңында Бас мүфти мен Әділ Құрманжанұлы діни-рухани саланың одан әрі дамуына бағытталған нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *