Skip to content

БАС МҮФТИ ЖАҢА МЕШІТТЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ЖҮРГІЗДІ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысына сапарында Мамлют ауданында жаңадан ашылған мешітте жұма намазын жүргізді.

Бас мүфти күндердің сұлтаны жұмада «Адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан қайтару» тақырыбында жұма уағызын айтты.

«Қоғамда ізгіліктің жайылып, жамандықтың алдын алудың негізгі жолдарының бірі – адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю. Бұл іс асыл дінімізде «әл-Әмру биль-мағруф уә наһиу ғәнил-мункәр» деп аталады.

«Мағруф» – ақыл мен дініміз тұрғысынан жақсылық деп қабылданған нәрселер болса, «мункәр» – ақыл-санамыз бен дінімізге қайшы құбылыстар. Алла Тағала қасиетті Құранның «Әли Имран» сүресі 110-аятында: «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, қарсылықтан тыятын, сондай-ақ, Аллаға сенетін қайырлы бір үммет болып шығарылдыңдар, – деп айтқан («Әли Имран» сүресі, 110-аят).

Аятта қайырлы үмбет болудың шарты – «жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю». Міне, осы міндет орындалған кезде үмбет әрқашан да басқа адамдардан артық, қайырлы болып, бүкіл адамзатқа игілік пен адалдық жолында ұстаздық жасайды»,- деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жұма намазынан кейін ҚМДБ Төрағасы аудан жамағатымен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *