Skip to content

БАС МҮФТИ ЖҰМА УАҒЫЗЫН АЙТТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Шығыс Қазақстан облысында жаңадан ашылған Таврия ауылдық мешітінде жұма намазын жүргізіп, жамағатқа уағыз айтты.

«Құрметті жамағат! Мұсылман адамның ең үлкен мақсат-мұраты – Жаратушы Алла Тағаланың разылығына кенелу. Өйткені Алланың разылығы – пендеге берілетін ең үлкен нығмет. Алла Тағала қасиетті Құранның «Тәубе» сүресі, 72-аятында:

«Алла мүмин ерлер мен мүмин әйелдерге астарынан өзендер ағатын, олар онда мәңгі қалатын бақшалар және ғадын жәннатында көркем орындар уәде етті. Ал Алланың ризалығы өте зор табыс. Міне осы, үлкен жетістік», – деп айтқан.

Алла Тағаланың разылығы – адам баласына берілетін ең үлкен әрі ұлы нығмет. Сондықтан да аятта жәннат сипатталғаннан кейін «Ал Алланың ризалығы өте зор табыс» деп айтылған. Ғалымдар осы аятқа сүйене келе Алланың разылығы жәннаттан әрі ондағы нығметтердің барлығынан да үлкен екенін айтқан. Сондықтан да бұл өмірде әрбір жан Алла Тағаланың разылғына кенелуімізге себепші болатын ізгі амалдар атқаруға тырысуы қажет», – деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *