
Батыс Қазақстан облысында өңір мешіттерінің жұмысы қорытындыланған дәстүрлі жылдық жиын өтті. Басқосуда діни-ағарту бағытындағы жетістіктер, жыл бойы атқарылған шаралар және келесі жылға арналған жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар, жамағатпен жұмысты күшейту, жастар арасында діни сауаттылықты арттыру және қоғаммен байланыс орнату мәселелері қаралды.
Жиын барысында қызметте ерекше белсенділік танытқан имамдар марапатталды. «Зекет және қайырымдылық» қорының қолдауымен үздік имамдарға алғыс хаттар мен естелік статуеткалар табыс етілді. Бұл шара имамдардың еңбегін бағалау және оларды одан әрі ынталандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Жиынды қорытындылаған облыстың бас имамы дін қызметкерлерінің еңбегін атап өтіп, кәсіби біліктілікті арттыру, жамағатпен тұрақты байланыс орнату және діни-ағарту бастамаларын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін айтты.