Skip to content

“Дін мен дәстүр” бағыты аясында мазмұнды іс-шара өтті

ҚМДБ Шымкент қаласы өкілдігінің қолдауымен және Бақдаулет қажы Нұрматұлының тапсырмасы негізінде, Әл-Фараби ауданына қарасты Әл-Біләл мешітінде “Дін мен дәстүр” бағыты аясында мазмұнды іс-шара өтті.

Шара барысында “Дін мен дәстүр” атты еңбектің 1, 2 және 3-кітаптарынан арнайы сұрақтар қойылып, қатысушы жамағаттың және медресе шәкірттерінің білім деңгейі мен діни танымын арттыруға бағытталған танымдық викторина өткізілді.

Іс-шараға Әл-Фараби ауданы бойынша “Дін мен дәстүр” бағытының жетекшісі Жүсіп Рамазан арнайы қатысып, өзінің құнды кеңестерімен бөлісті. Сонымен қатар Әл-Біләл мешітінің имамы Мұхтар Сардарбекұлы жиналған жамағатқа насихат айтып, бұл бағыттың қоғамдағы маңызына тоқталды.

Жалпы бағдарламаның мақсаты — ұлттық салт-дәстүріміз бен Ислам құндылықтарының өзара үйлесімін насихаттау, жастардың діни сауатын арттыру және имандылыққа бағыттау болды.

Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, жамағатқа рухани әсер қалдырды. Атсалысқан барша жанға Алла разы болсын!!!

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *