
14 ақпан — Халықаралық кітап сыйлау күніне және көрнекті тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ермұхан Бекмахановтың туғанына 111 жыл толуына орай «Зейін» оқырмандар клубы мен ҚМДБ Жастар ісі секторы бірлесе рухани-интеллектуалды кеш ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты — жастардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ұлттық тарих пен рухани құндылықтарды дәріптеу. Кеш барысында жастарға рухани қолдау көрсету мақсатында Ескендір Махамбет пен Күзекбай Бағыжан тағылымды насихат айтып, білім мен кітаптың қоғамдағы маңызына тоқталды.
Сондай-ақ, Рухани кеш барысында тарих ғылымдарының магистрі, тарих пәнінің мұғалімі Нұрлыбай Әнуарбекұлы Ермұхан Бекмахановтың өмірі мен ғылыми мұрасы жайында тағылымды баяндама жасап, қатысушылармен құнды деректер бөлісті. Бағдарлама аясында кітап пен ұлттық тарихқа байланысты танымдық білім сайысы өткізіліп, қатысушылар өзара бақ сынады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар қаржылай сыйлықтармен марапатталды:
І орын — Абдырахым Алмаз (30 000 теңге) ІІ орын — Мырзабай Мади (20 000 теңге) ІІІ орын — Данияр Асылбекұлы (10 000 теңге)
Сонымен қатар, Халықаралық кітап сыйлау күні құрметіне белсенді қатысушыларға кітаптар тарту етілді. Тағылымды кеш жастардың рухани-мәдени дамуына серпін беріп, кітапқа деген құрметті арттыруға бағытталған маңызды басқосу болды.
