
Астана қаласындағы Республикалық Бас мешітте ІІ Халықаралық Құран жарысы өтуде.
Халықаралық байқауға 21 мемлекеттен келген қарилар қатысуда. Олардың қатарында Қазақстан, Түркия, Сауд Арабиясы, Мысыр, Бахрейн, Қырғызстан, Марокко, Өзбекстан және басқа да елдердің өкілдері бар.
Жарыстың тікелей көрсетілімі ҚМДБ-ның төл арнасы – «Munara TV» телеарнасынан және «Мүфтият ҚМДБ» YouTube арнасынан көрсетілуде.