Skip to content

ҚМДБ өкілі Зонгулдақтағы студенттермен жүздесті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Түркия Республикасындағы өкілі, «Талаба» студенттер қауымдастығының жетекшісі Қарабаев Абдурашит Зиядинұлы Зонгулдак провинциясында орналасқан Бүлент Ежевит университетінде (BEÜN) білім алып жатқан қазақ студенттерімен кездесті.

Жүздесу барысында қазіргі таңда түрік тілі курсында оқып жатқан студенттердің оқу үдерісі, жаңа ортаға бейімделуі және тұрмыс-тіршілігі сөз болды. Кездесуде жастардың жалпы ахуалы назарға алынып, өзекті мәселелер талқыланды.

Абдурашит Зиядинұлы студенттермен еркін пікір алмасып, білім жолындағы табандылық пен жауапкершіліктің маңызын атап өтті. Сондай-ақ діни білім алудағы тәртіп, әдеп, мұсылман жамағатына адал қызмет ету сынды құндылықтар жөнінде тағылымды насихат айтты.

Кездесу барысында ҚМДБ өкілі студенттерге Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының ыстық сәлемін жеткізіп, олардың болашақта ел игілігіне қызмет ететін білімді де парасатты маман болып қалыптасуына тілектестігін білдірді.

Жүздесу достық әрі мазмұнды жағдайда өтіп, студенттер көрсетілген қолдау мен қамқорлыққа ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ алған білімдерін Қазақстанның рухани дамуына жұмсауға ниетті екендерін жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *