Skip to content

ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ «ЖЕТІ ЖАРҒЫ» – ҚАЗАҚТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗАҢНАМАЛЫҚ ҚҰЖАТЫ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТАНЫМДЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында «Жеті жарғы» – қазақтың құқықтық заңнамалық құжаты» тақырыбында өткен республикалық конференцияға арнайы қатысып, баяндама жасады.

«Қазақ халқының рухани-мәдени тарихында мемлекеттілік пен қоғамдық тәртіптің қалыптасуына негіз болған тағылымды құқықтық жүйелер аз болмаған. Солардың ішінде халқымыздың рухани өмірі мен күнделікті тыныс-тіршілігінде маңызды орын алған озық заңнамалар жүйесі – Жеті жарғы. Өздеріңіз жақсы білесіздер, бұл заңдар жинағы XVII ғасырдың соңында Қазақ хандығының әйгілі ханы Тәуке ханның тұсында қабылданып, ел бірлігі мен қоғам тұрақтылығын қамтамасыз еткен аса маңызды құқықтық құжат болды.
Жеті жарғы тек құқықтық нормалар жиынтығы ғана емес, ол қазақ қоғамының имани, адамгершілік және әділет қағидаттарына негізделген өмір сүру тәртібі десек артық айтқанымыз емес. Бұл тұрғыда Жеті жарғының мазмұны Ислам дінінің негізгі ұстанымдарымен терең үндесіп жатқанын атап өту қажет» -, деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Конференция барысында тарихшылар, дінтанушылар сондай-ақ, түрлі саласының мамандары мен зиялы қауым өкілдері «Жеті жарғының» құқықтық құрылымы, оның ислам құқығымен сабақтастығы және қазіргі құқықтық жүйедегі маңыздылығы жайында мазмұнды баяндамалар жасады.

Шара соңында қатысушылар ұлттық құқықтық мұраны ғылыми тұрғыда зерттеу, оны жас ұрпақтың рухани-мәдени тәрбиесіне енгізу және қоғамдағы құқықтық мәдениетті арттыру бағытында бірқатар ұсыныстар блдірді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *