
Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 35 жылдық мерейтойына арналған ұжымдық интеллектуалды білім сайысы өтті.
Қызықты әрі тартысты өткен білім сайысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысып, мүфтият ұжымын қасиетті қара шаңырағымыздың құрылғанына 35 жыл толуымен құттықтады.
Айта кетейік, ұжымдық сайысты елімізге танымал интеллектуалды жобалардың және ойын сұрақтарының авторы Мерей Ермұханов жүргізді. Төрт мүфтият қызметкерінен құралған 11 команда арасынан «Аманат» командасы І орынды жеңіп алса, жүлделі ІІ орынды үш бірдей «ҚазIQ», «Iqup», «Қазақ» командалары еншіледі, ал Діни басқарма аруларынан құралған «IQ-RO» командасы ІІI орынды иеленді. Жеңіс тұғырынан көрінген командаларға қаржылай сыйлық және барша қатысушыларға мерекелік сый-сияпат табыс етілді.