Skip to content

Қостанай: «Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында танымдық жиын өтті

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің кітапханасында «Кітап оқу мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында танымдық жиын өтті.

Шара барысында Бас имам Бектұрсын Уәлиев кітап оқудың мәні мен артықшылықтарына кеңінен тоқталып, парасатты тұлға қалыптастырудағы рөліне назар аудартты. Сондай-ақ, Мемлекет Басшысы көтерген мәселенің қоғам сұранысына сай келетінін, кітап оқу адамның ойлау жүйесі мен дүниетанымын дамытудағы аса маңызды фактор екендігін атап өтті.

Жиынға қатысқан өзге қызметкерлер де кітап оқудың рухани байлыққа жетелеп, адамның ой-өрісін кеңейтетінін мысалдар арқылы баяндап, оның күнделікті өмірдегі пайдасына тоқталды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *