Skip to content

Маңғыстау: «Имани жаз – 2025» курсы өз мәресіне жетті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен бес бағыттың бірі – «Діни оқу-ағарту» бағыты аясында ұйымдастырылған «Имани жаз – 2025» жазғы діни сауат ашу курсы Маңғыстау облыстық орталық «Бекет ата» мешітінде өз жұмысын сәтті аяқтады.

Жазғы демалысын имани білім алуға арнаған жас өрендер Құран әліппесін, тазалық қағидаларын, ата-анаға құрмет көрсету, әдеп пен тәртіп жайында дәрістер тыңдап, діни білімдерін жетілдірді.

Курс соңында өткен қорытынды жиынға Маңғыстау облысының Бас имамы Әнуар Ізімбайұлы қатысып, шәкірттерге ақжарма тілегін арнады. Сондай-ақ, білім алуға ынта танытқан 150 шәкіртке арнайы сертификаттар мен марапаттар табыстады.

Бас имам жас шәкірттерге ізгі тілегін білдіріп, Алладан білімге деген ықылас пен зейін тіледі.

Пікір қалдырыңыз