
ҚМДБ Шығыс Қазақстан облысы өкілдігі «Мүфтият» баспасынан шыққан кітаптарды өңірде кеңінен таныстыру мақсатында айлық жариялап, осы аяда Өскемен қалалық «Әл-Фараби» мешітінде кітаптардың ресми таныстырылымын өткізді.
Шараға қала мешіттерінің имамдары, жамағат өкілдері және ақсақалдар қатысты. Таныстырылымда ШҚО «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин Діни басқарма баспасынан шыққан еңбектердің діни сауаттылықты арттырудағы маңызын атап өтіп, өңірде насихаттау бағытында қолға алынатын жұмыстар туралы мәлімет берді.
Сонымен бірге ол кітаптардың мазмұнын қысқаша таныстырып, онда өзекті діни мәселелерге нақты жауаптар қамтылғанын жеткізді.