Skip to content

Шымкент: Дәстүрлі спорт түрлерінен сайыс өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасында атап өтілген бастамалар аясында Шымкент қаласы бойынша өкілдік отандық туризмді дамыту әрі ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Түркістан облысы, Біркөлік елді мекеніндегі «Мейірім Тау» демалыс кешенінде дәстүрлі және сүннетке сай спорт түрлерінен сайыс ұйымдастырды. 

Игі шараның ашылуында Шымкент қаласының Бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, шараның мақсат-міндетін атап өтті. Сайысқа қаламыздың бес ауданынан келген діни қызметкерлер қатысып, садақ ату, арқан тарту, асық ату және ләңгі тебу сынды ұлттық ойындар бойынша бақ сынасты.

Жүлдегерлер тізімі:

Ләңгі тебу: І орын – Бақдәулет Нұрматұлы

Асық ату: І орын – Бегайдар Әміре

Садақ ату: І орын – Дөрбетхан Жомарт

Арқан тарту: І орын – Абай ауданының командасы

Шара соңында ұйымдастыру алқа төрағасы, Еңбекші ауданының Бас имамы Ербосын Бектұрсынұлы басшылық құрамға және сайысқа белсенді қатысқан барлық діни қызметкерлерге алғыс айтып, ұлттық спорттың дамуына қосқан үлестерін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *