Skip to content

Шымкентте «Уақып – сарқылмас қазына» атты кәсіпкерлермен кездесу өтті

ҚМДБ Уақып корпоративтік қайырымдылық қорының жұмыс жоспарына сәйкес және Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен Шымкент қаласында «Уақып – сарқылмас қазына» атты кәсіпкерлермен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара қасиетті Құран оқумен басталып, Шымкент қаласының өкіл имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлы уақыптың шариғаттағы орны мен қоғам үшін маңызын атап өтті.

ҚМДБ Уақып корпоративтік қайырымдылық қоры директорының орынбасары Әли Анарқұлұлы уақып және уақыпнама ұғымдарын түсіндіріп, оның қазіргі экономикалық жүйедегі қызметін баяндады. Қор директоры Азамат Абдикеримұлы «Қазақ Құран баспасының» ғылыми-зерттеу жұмыстары мен баспаға дайындық кезеңдері жөнінде презентация жасады.

Іс-шарада қордың белсенді қолдаушылары марапатталып, уақып қызметін қолдауға ниет білдірген кәсіпкерлерге уақыпнама сертификаттары табысталды. Атап айтқанда, Мұхаммеджан Естемиров, Айбек Жұмабайұлы Тажиев, Асан Алтынбекұлы Жолдасов, Қуаныш Бақытұлы және Нұрдаулет Құтынбетов қордың ресми серіктестері атанды.

«Уақып – сарқылмас қазына» кездесу кәсіпкерлер мен жамағатты ортақ мақсатқа жұмылдырып, елімізде қайырымдылық мәдениетінің дамуына серпін берген маңызды басқосу болды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *