Skip to content

ШЫМКЕНТТЕ ЗЕКЕТ ҚОРЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасына орай және «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Шымкент қаласы, Абай ауданы Әскерұлы Асқар қажы мешітінде имамдардың біліктілігін арттыруға бағытталған көшпелі семинарда Зекет және қайырымдылық қорының көшпелі отырысы өтті.
Басқосуға шаһар бас имамы орынбасары Ахметжан Керімбек, ардагер имам Дәуренбек Тасқараев, Бекайдар Әміре, Мұхамеджан Естеміров және мешіт имамдары мен ұстаздары қатысты. Аталмыш семинар аясында қалалық Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі Айбек Азимбаев қайырымдылық жұмысының мақсаты мен міндеттері жөнінде айтып өтті.
Жиын барысында Зекет қорына қатысты сұрақтар қойылып, жан-жақты жауап берілді.

ҚМДБ-ның Шымкент қаласы
бойынша баспасөз қызметі

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *