Skip to content

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАНДА ЖАҢА МЕШІТ АШЫЛДЫ

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданында жаңа мешіт ел игілігіне пайдалануға берілді.

Игі іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқумен басталып, еліміздің амандығы мен жұртымыздың тыныштығы үшін арнайы дұға жасалды. Ашылу рәсіміне қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мешіт салудың сауабы жайлы насихат айтты.

«Біз мешіттерімізді тек ғибадат орны ретінде ғана емес, сондай-ақ діни-рухани орталыққа, қайырымдылық пен мейірімділік мекеніне айналдыруды мақсат етеміз. Аллаға шүкір, қазір мешіттердің жанынан отбасылық кеңес беру орталықтары да жұмыс істей бастады. Өздеріңіз білетіндей, 2025 жылды біз діни салада «Ислам және отбасы құндылығы» жылы деп жарияладық. Мешіттер отбасы құндылықтарын насихаттап қана қоймай, жас жұбайларға үйлесімді өмір сүру, бір-біріне мейірім көрсету жолында рухани қолдау көрсетуде.

Сіздерді аудандық «Мұстафа» мешітінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Алла Тағала жаңа мешітіміздің ішін жамағатқа толтырғай», – деді өз сөзінде Бас мүфти.

Айта кетейік, жаңа мешітте бір мезетте 500 адам құлшылығын өтей алады.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *