Skip to content

Түркістан: «Мектепке жол – 2025» қайырымдылық акциясы өтті

ҚМДБ Түркістан облысы Төлеби ауданының орталық «Нұр» мешітінде кәсіпкерлердің  демеушілігімен «Мектепке жол – 2025» акциясы аясында «Жаңа оқу жылына – жаңа жабдықтар» атты қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

Қасиетті Құран оқумен басталған шарада аудан бас имамы Үсен Саурабаев ата-бабаларының рухына Құран бағыштап, демеуші қор басшылығына алғыс білдірді. 

Акция барысында орталық «Нұр» мешітіне тіркелген әлеуметтік аз қамтылған, жалғыз басты 200 отбасының балаларына мектепке қажетті құрал-жабдықтар салынған сөмкелер табысталды. Оның ішінде 100 ұл бала мен 100 қыз бала қамтылды.

Игі іс-шараға демеушілік еткен «Ешенқұлұлы Қуаныш» жеке қорына мешіт жамағаты атынан ризашылық білдіріліп, Алла Тағала отбасыларына амандық, кәсіптеріне береке тіледі.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *